Citi – Қазақстанның қаржы нарығына шыққан алғашқы халықаралық банктердің бірі. 1994 жылдың сәуірінде Алматы қаласында өкілдігі ашылып, 1998 жылы «Ситибанк Қазақстан» АҚ банк операцияларын жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге лицензиясын алып, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аясын кеңейтті.
Бүгін Сiti – Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылардың бірі. Сiti халықаралық компаниялар мен инвесторлар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен елдегі ең ірі кәсіпорындар үшін негізгі серіктес ретінде рөл атқара отырып, корпоративтік клиенттердің төлемдері, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында сауда-саттық көлемі бойынша тұрақты жетекші орындарда келеді.
Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан Сiti-дің Астана қаласында филиалы, сондай-ақ Атырау мен Ақтау қалаларында өкілдіктері бар. Банк Қазақстан нарығында 30 жыл бойы жұмыс істеумен қоса өз клиенттеріне түрлі өнімдер мен қызметтер түрін ұсынып келеді.
2023 жылы Asiamoney қаржылық басылым бес жыл қатарынан (2019–2023) өзінің Best Bank Awards мәртебесі аясында Сiti-ді «Қазақстанның ең үздік халықаралық банкі» деген атаққа лайық етті. Сонымен қатар, Банк «Қазақстанның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік банкі» атанды.